Барлығы қалай басталды?
2003 жылы мамандығы инженер болған Лысюк Андрей Владимирович өзіннің алғашқы теңдестіру станогын жасады. Ол үстел типті микропроцессорлік басқаруға ие электр қозғалтқыштарының арматураларын теңдестіруге арналған шағын теңдестіру станоктарын жобалау мен енгізумен жеке айналысты.
Біздің өмірімізге сандық технологиялардың белсенді енуіне байланысты, микропроцессорлік басқару блогы өздері әзірлеген компьютерлік бағдарламалық жасақтамамен ауыстырылды, бұл зияткерлік меншік тізімдемесіне тіркеу растайды.
Осылайша, теңдестіру станогын басқруда «аналогтықтан» «сандыққа» дейін «эволюциялық» секіріс жасалынып, өлшеу жүйесі құрылды және компания жобалау, өндіру және тиісінше тұтынушылар жағынан мүлдем жаңа деңгейге шықты.
Жақын арада станоктардың моделдер қатары кеңейді: тұтынушыларға бірінші рет қуаттылығы жоғары резонанстық және резонанстан тыс динамикалық теңдестіру станоктары жобаланды, жиналды және жеткізілді.
Теңдестіру станоктарының қосымша жабдықтары тізімі кеңейіп жатыр, мысалы:
- теңдестіретін бөлшекті станок тіреулеріне бірқалыпты орнатуға арналған әртүрлі домкраттар
- консольді роторларды теңдестіруге арналған қарсы тіреулер
- жетегінің автоматты ауыстыру жүйелері
- контактілі дәнекерлеу қондырғылары
- бұрғылау қондырғылары
- оператор мен қоршаған ортаны қорғау жүйелері
- және басқа да көптеген
Қазіргі уақытта «РОБАЛС» Компаниясы Ресейде, ТМД елдерінде және шетелде динамикалық теңдестіру жабдықтарын өндіру саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда 500-ден астам кәсіпорында «Робалс» компаниясы шығарған горизонталды резонанстық және резонанстан тыс теңдестіру станоктары қызмет көрсетуде. Біздің компания серіктестері мұнай, газ, металлургия, авиация және басқа да өнеркәсіп салаларының кәсіпорындары болып табылады. Өнім жеткізу географиясы - Ресей, Еуропалық Одақ, Қазақстан, Әзірбайжан, БАӘ және т.б.
Біз инжинирингтік қызметтер мен толық циклды өндірістің толық спектрін «сызбадан станокқа дейін» қағидаты бойынша ұсынамыз. Біз ең жоғары талаптарға сай келетін теңдестіру саласындағы кешенді шешімді ұсынамыз. Біздің техникалық мамандар қысқа мерзімде Тұтынушының техникалық тапсырмасына сәйкес қойылған мәселелерді шешу үшін қажетті барлық ақпаратты ұсынады.
Біздің басымдығымыз - біздің клиенттердің өнімділігін барынша арттыруды қамтамасыз ету.